Құстар.Үй құстары. Дыбыс

Құстар.Үй құстары. Дыбыс

Туржаубай Жазира Нуржановна

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Құстар.Үй құстары. Дыбыс
Мақсаты А) білімділік: Оқушыларға құстар туралы түрлі мағлұматтар беру,оның көп түрлілігін салыстыра отырып, пайдасын және тіршілік ету ерекшелігін түсіндіру;

Ә) дамытушылық.Оқушылардың ой-өрісін,тілін,құстарға деген қамқорлық көзқарасын дамыту.

Б) тәрбиелік:  Құстарды қорғауға, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар

Сабақтың әдісі: түсіндірме,сұрақ-жауап,ойын түрінде тапсырмалар орындау.

Күтілетін нәтиже
+Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Сұрақ-тапсырма:

1.Жануарлардың тобын ата.

2.Дала жануарларын  неге «жабайы аңдар» дейміз?

3.Бірнеше жабайы аңдарды ата.

4.Үй жануарларын ата.

5.Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

Психологиялық  жаттығу

-Бүркітке не жарасады? (самғаған ) қолдарын жазып көрсетеді

-Шегірткеге не жарасады? (секірген)

-Ақ  тауыққа не жарасады?(шоқыған)

-Ақылдыға не жарасады?(оқыған)

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

ПСИХОЛОГИЧЕСКАЯ АДАПТАЦИЯ СТУДЕНТОВ МЛАДШИХ КУРСОВ ПЕДАГОГИЧЕСКОГО КОЛЛЕДЖА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.