Құстар келді. Көктемдегі табиғат өзгерістерің

Тақырыбы: Құстар келді.

Жумабекова Сагыныш Багитжановна

Мақсаты: Көктемдегі табиғат өзгерістерің,келетін құстар арқылы олардың тілін дамыту,дұрыс сөйлей білуге дағдыландыру.Ән салу арқылы эстетикалық сезімін дамыту,адамгершілік тәрбие беру.

Тәсілдер: сұрақ – жауап,әңгімелесу.

Көрнектілік:құстардың суреттері,ағаштар.

Пән аралас байланыс: айналамен таныстыру, экология, тіл дамыту, көркем әдебиет, ән – күй.

Барысы: Тәрбиеші жұмбақ  жасырады, сендер шешуін (жауабын) айтындар:

Қар еріп, су көбейіп,

Сай – салаға ағады.

Бүршік шашып,

Жапырақ аршып,

Гүл, бәйшешек басады.

Бөбектерім, айтындаршы,

Бұл қай кезде болады? (Көктем мезгілінде).

Психожаттығу:

Сәлем бердік алтын күн,

Сәлем бердік ашық аспан.

Сәлем бердік Жер-Ана,

Сәлем бердік баршаға.

Дұрыс, біздің тақырыбымыз "Құстар келді ".

-Балалар, құстар қай жыл мезгілінде келеді? Қазір қай мезгіл?  Көктем туралы, оның  ерекшеліктері жайында сұралады.

Жауабы: қар ериді, ағаштар бұршақ жарады, жерге көк шөп, гүлдер шығады, күн жылынады, құстар жылы жақтан ұшып келе бастайды.

-Көктем  мезгілінде қандай мерекелер болады?

Аналардың 8-наурыз, Наурыз  мерекелері .

-Бәрекелді, сендер көктем жайлы да көп біледі екенсіңдер. Енді көктем туралы  тақпақ  айтыңдар.

Даниал: Көктем  күні   күркіреп,

Жаңбыр  жауды сіркіреп .

Бәйшешектер  дүркіреп,

Шыға келді қыр түлеп.

Арина: Көктем  келді күлімдеп,

Міне саған гүлің деп

Расулхат: Көктем  келді, су ақты,

Күндер келді шуақты.

Көктем келді, гүл өсті,

Аппақ тоның жер шешті.

Зарина: Көктем, көктем, көктемде,

Құстар келіп жеткенде .

Біз қуанып қаламыз,

Ән мен қарсы аламыз.

«Көктем» әнін орындау.

Біреу тарсылдатады, қарсы алуға тәрбиеші шығады. Сол уақытта бұлттар балаларды жабады. Тәрбиеші  іздейді. Балаларға жақындыған сайын олар жаттығудағы дыбыстарды айтады.

Артикулды жаттығулар:

Мысық –мяу-мяу.

Ит –аф-аф.

Жаңбыр –тырс-тырс

Жел –ш-ш-ш.

Бұлттар тарап, балаларды  тауып аламыз.

Тәрбиеші: Балалар, бізге «Көктем» қонаққа  келіпті.

Көктем бас иіп:- Амансыңдар ма, балалар!

  • Қош келдіңіз, Көктем!
  • Балалар, мен сендерге  тапсырмалар  әкелдім.

Жұмбақ   шешу

Шу  көп қырда:

Ән  бе, жыр ма?

«Тыраулайтын»

Бұл не? (тырна)

 

Желпіп  ақ ту,

Сусылдап  су ,

«Сұңқылдайтын»

Бұл не? (аққу )

 

Сәндер  жазды ,

Даусы сазды,

«қаңқылдайтын»

Айтшы? (қазды)

 

Қоңып талға,

Басар зарға.

«қарқ-қарқ»дейтін? (қарға)

 

Балалармен достасып ,

Бақты құрттан қорғайды.

Күзде кетер қоштасып,

Кім біледі? (торғайды)

Көктем : Енді  менімен бірге тақпақ жаттаймыз.

Қар еріді,су ақты,

Күндер келді шуақты.

Байтақ дала келбеті,

Түкті кілем сияқты.

  • Бәрекелді, өте жақсы.

Тәрбиеші: Көктемнің достары  құс, біз олар туралы тақпақтар білеміз . Дем алып, сергіп  алайық :

Қарлығаш   боп   ұшамыз ,

Торғай   болып қонамыз.

Сауысқан  боп  секіріп ,

Тоқылдақ  боп  тоқиып ,

Аққу   боп  көлге  қонамыз.

Тәрбиеші: Балалар,  ал  құстар  біздің  досымыз, олар  бау-бақшаларды  қорғайды. Біз  оларды қорғау керекпіз.

Сұрақтар арқылы анықтау:  -ұяны  бұзбау

-құстарды  қорғау

-тас лақтырмау, атпау

-жұмыртқаны ұстамау .

Енді   тақпақ айтайық :

Арман: Адамдарға жыр-әнмін,

Ал  шіркейге қыранмын .

Үй  салып   берген   баламен,

Көрші  болып тұрамын.

Алина: Шыр- шыр  еткен торғайды ,

Қорғамасаң, болмайды.

Кіп –кішкене торғайлар,

Ағаштарды  қорғайды.

Мира: Көкек! көкек! көкек!-деп,

Ән  саламын секендеп....

Ернұр: Ала  қанат сауысқан ,

Құртты  көрсе жабысқан .

Бір томардан томарға,

Секең – секең ауысқан.

Көктем: Бәрекелді, енді «Ұшты-ұшты» ойынды ойнайық.

  • Өте жақсы, мен сендерге өз  достарымды  қалдырып кетейін. Сендер  оларды қорғаңдар. Сау болыңдар.

Тәрбиеші: Балалар, құстар ағаштарды қорғай, ұя салады. Сондықтан құстарды ағашқа  отырғызайық.

Ал енді  олардың  қуанып  көктемдегі  ағашты  көргенде  дауыстарын тыңдайық (құстардың  дауысы).

Қош  бол елдің Көктемі,

Әлем  енді көктеді .

Құрметпенен  бас идік ,

Құстарына көктемгі

Топқа ұшып кетеді.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.