Қыс қызығы

Білім беру саласы: Қатынас . Таным.Шығармашылық.

Бөлімі: Қоршаған орта.

Тақырыбы: Қыс қызықтары

Мақсаты: Табиғатқа деген қызығушылығын арттыру табиғи өзгерістерді байқауға тәрбиелеу . Табиғаттағы құбылыстарды байқай отырып, қызықты ойындар арқылы бала танымын дамыту, ойын арқылы тіл байлығын жетілдіріп ,сөздік қорын көбейту. Сөйлеу грамматикасын дұрыс қалыптастыру.

Шаттық шеңберінде қонақтармен амандасу.

Армысыздар арайлап атқан таң!

Армысыздар Аспан-ата, Жер-Ана!

Сәлематсыздар ма қадірлі ұстаздар!

Күніміз сәтті болсын!

Қане, балалар бүгін біздерге көптеген апайлар, ата- аналар қонаққа келіп отыр. Біз, бәріміз  қыста қандай қызықты, әдемі сәттерді қуана қарсы аламыз. Бәріміз сабаққа бірігіп ұйымшылдықпен  қатысайық, жарай ма балалар. Бүгін біздер « Қыс қызығы» тақырыбында әңгіме қозғаймыз. Балалар менің қолымдағы не?Балалар жауабы: Аққала.Тәрбиеші: олай болса, біз жылулық шеңберінде осы  Аққаланы  кезек-кезек қолдарымызға алып ойлаған арман-тілектерімізді айтайық. Шеңберде тілектерін айтады.

Тәрбиеші: Рахмет балалар! Ал балалар мен сендерге табиғат құбылысын жұмбақтай баяндайын, сендер айтып беріңдерші бұл жылдың қай мезгілінде болады екен.
Тәрб: Құрметті балақайлар біздің бүгінгі сабағымыз мәресіне жетіп келеді,  сабағымызды қысқы қызықтарға толы орманымызға қар жаудырып балалармен ұжымдық жұмыс жасап көңілді аяқтағымыз келеді. Су бояқпен « Қар жауады көңілді» деген тақырыппен қар бейнесін бейнелейік. Қош сау болыңыздар!

ПСИХОЛОГИЧЕСКАЯ АДАПТАЦИЯ СТУДЕНТОВ МЛАДШИХ КУРСОВ ПЕДАГОГИЧЕСКОГО КОЛЛЕДЖА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.