Эссе ««Топтағы бірлескен жұмыс арқылы оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану»

Коучинг сабағы: «Топтағы бірлескен жұмыс арқылы оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану»
Кембридж бағдарламасының Жеті модульге қарастырылған идеялар, жеке стратегиялар мен әдіс-тәсілдер бойынша берілген теориялық білімді іс-тәжірибеде қолданып келемін. Жаңашыл инновациялық заманда түрлендірілген жаңа әдіс-тәсілдер туралы жаңалыққа ұмтылыстар, оқушылардың қабілетін ашуда, өз ойын еркін жеткізуде топтық жұмыстың тиімділігі мұғалім мен оқушы үшін өте маңызды. Өйткені бірлескен оқу- өзара іс-әрекет жасау философиясы болғанымен, негізінен бұл оқыту мен оқу тәсілі, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 78-бет).
Ал оқушылардың бірлескен оқуын ұйымдастыру тақырыбының мектеп үшін маңызы өте зор. Себебі, олар бірлесе отыра, өнертапқыштық модельдер жасауға, ауқымды мазмұнды тақырыптарды ғылыми тұрғыда бірлесе зерттеуге қадам жасайды, оқушылар олимпиадалық қиын тапсырмалардың жолын бірлесе шешуге ұмтылады. Нәтижесінде мұғалімдер топпен жұмысты ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін көреді. Жаңаша әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімділігін анықтайды. Практикалық тұрғыда оқушылардың топтағы қарым- қатынасының маңызы жайлы ақпарат алады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.