Электронды поштаны пайдалану. Ашық сабақ

Электронды поштаны пайдалану. Ашық сабақ

Пән: Қазақ тілі                    

5 -сынып (орыс)                                                                           

         

Сабақтың лексикалық тақырыбы:   Электронды поштаны пайдалану

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Етістікті қайталау

 

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға электронды поштаны пайдалану тақырыбын игерту, етістіктен өткенді қайталау.
  2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту. Өздігінен ойын жеткізе алу қабілетін жетілдіру. Сөздік қорын толықтыру.

3.Тәрбиелік: Тапсырмалар мен жаттығулар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артыру.

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер:

Әдіс-тәсілдер: жұптық, жеке тұлғаға бағытталған

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Күзгі жаңбырды іс-әрекетпен көрсету. Айа-райының қолайсыздығына қарамастан сабақтың сәтті өтуіне тілектестік білдіру.

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.

Жаңа сөздерді қалай меңгергенін ойын арқылы тексеру. (Балалар шеңбер бойымен тұрады. Мұғалім допты кез-келген оқушыға орыс тілінде жаңа сөзді айтып лақтырады. Оқушы допты қағып алып, сөзді қазақ тіліндегі аудармасын айтуы қажет. Егер жауап болмаса, сыныптастардан көмек сұрайды)

Ұялы телефон-сотовый телефон

Тышқан-мышка

жүйелік блок -процессор

пернетақта -клавиатура

Монитор-монитор

Достық-дружба

Адал дос-верный друг

Хат-письмо

Ақпарат-информация

Ғаламтор-интернет

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Мұғалім: -Балалар, бүгін бізге қонаққа аңыз кейіпкері келді. Қараңдаршы, қанекей кім таныды оны? –Әрине, дұрыс, Алдар Көсе.

Баллар, Алдар Көсе бізге жай келген жоқ, өзінің сендерге деген тапсырмаларын алып келіпті. Орындаймыз ба? Ескеретін жайт, тапсырманы дұрыс орындаған балаға Алдар Көсе фишкасы береді. Сабақ соңында кім фишканы көп жинайды, жақсы баға алады.

ПСИХОЛОГИЧЕСКАЯ АДАПТАЦИЯ СТУДЕНТОВ МЛАДШИХ КУРСОВ ПЕДАГОГИЧЕСКОГО КОЛЛЕДЖА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.