Ы. Алтынсариннің оқыту әдістері мен тәсілдері.

Ы.Алтынсариннің педагогикалық,
философиялық мұрасын зерттеушілер
еңбектеріне жүгінсек, оның әдістемелік
ізденуі, мұғалімдік қызметі ұлтымыздың
білім- мәдениетіне қосқан үлесі
жаңа алфавит пен төл оқулықтар
жазуда екенін көреміз.
Басты мақсаты қазақ баласын ана тілінде хат танытып, дүниетануын өз ұлтының азаматтық тұлғасына сай, қоғамға қажетті мүмкіндіктерді іздестіруде, оны жүзеге асыруда әдістемелік тұрғыдан еңбектер жазуға болады. Ал, дүниетану өзінің ана тілі арқылы өзін тану, өз халқының өнерін танудан басталады және жастардың ақыл-ойын дамыту, адамгершілік қасиеттерін жетілдіру, жеке тұлға қалыптастыру мектептің міндеті деп түсінеді. Сөйтіп ұлы ағартушы-ұстаз халқымызды білім бұлағына сусындатып, өзге мәдениетті елдердің қатарына қосуға бойындағы бар күш-қуатын, білімін сарқа жұмсады. Бұл бағытта тыңнан жол салып, соған бүкіл саналы өмірін арнады.
Медресе мен мектептердегі дін пәнінен бағдарлама мен оқу құралын дайындауды кезінде өз басшылығына алғаны туралы 1883 жылғы 13 қаңтардағы Торғай қаласынан Н.И.Ильминскийге жазған хатында: «Мен дін оқытушыларының бастауыш медреселер мен біздің мектептерімізде қолданылып отырған бағыты осы күйінде қала беруге тиісті емес, сондықтан оларға діннің негізгі ережелеріне қайшы келмейтін және мазмұны жағынан мұсылмандардың рухына және ойларына сай келетін (әйтпеген күнде ондай оқу-құралдары мұсылман мектептерінде қолданылмас та еді) бағдарлама мен оқу құралын жасап беру керек деген ойдамын».


Ы. Алтынсариннің оқыту әдістері мен тәсілдері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.