Тәуелсіздік текке бізге келмеген. Танымдық сайыс сабақ

«Тәуелсіздік текке бізге келмеген»

Түрі: Танымдық сайыс сабақ

Мақсаты: Сонау ғасырлар бойы «Елім» деп еңіреген ер- ұлдарымыз өздерінің ержүректілігімен , батырлығымен тарихта үлкен орын алса, бүгінгі жас ұрпақ өз білімімен, зеректілігімен, зейінділігімен, таланттылығымен білім көзін игерсін деген ой түйгізу.

Көрнекілігі: мультимедиялық құрылғы, түрлі тапсырмалар

Жоспар:

  1. Топтарды таныстыру
  2. «Кім шапшаң?» команда капитандарына сұрақ
  3. «Мақалдаң жалғасы...................»
  4. «Дұрыс жазылуын тап»
  5. «Танымдық сұрақтар»
  6. «Қазіргі Қазақстан»
  7. «Орнын тап»

Жүргізуші:

Тәуелсіздік текке бізге келмеген,

Талай бабам қанын төгіп терлеген.

Бабалардың ғасыр бойғы арманын,

Білерсіздер бүгінгі ұрпақ жалғарын.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Туымызды бізге ешкім бермеді.

Ел тізгінін қолына алу жолында

Қыршын кетті талай қазақ ерлері.

 

–дей отырып, тәрбиелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі шарамыздың мақсаты Сонау ғасырлар бойы «Елім» деп еңіреген ер- ұлдарымыз өздерінің ержүректілігімен , батырлығымен тарихта үлкен орын алса, бүгінгі жас ұрпақ өз білімімен, зеректілігімен, зейінділігімен, таланттылығымен білім көзін игерсін деген ой түйгізу. Сайысымыз «Елім менің» телеойыны бойынша жүргізіледі. Бұл ойынға екі топ қатысады. Әр команда бес мүшеден тұрады. Топты команда капитаны басқарады. Бұл «Жұлдызды бестікке» қарапайым көрермендер қолдау көрсетіп, олар да ойын қатысушыларына айналады. Командалар жеті  турдан өтіп, өз елінің тарихын толыққанды білетіндіктерін дәлелдеп беруі тиіс. Ал, ендеше бастаймыз.  Топтар  өздерін таныстырсын.

І топ «Білімділер» тобы , Ұраны: «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ»

ІІ топ «Талаптылар» тобы, ұраны: «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»

«Кім шапшаң?» команда капитандарына сұрақ.

І топ капитанына:

  1. Жәнібек пен Керей сұлтандар қай жылы қазақ хандығын құрды? (1465)
  2. С.Датұлы кім? (Сардар, батыр)
  3. 1731 ж. қандай оқиға болды?(Кіші жүз Ресей империясына қосылды)
  4. М.Өтемісұлы қай ғасырда өмір сүрді?(ХІХғ)
  5. А.Құнанбаев  кім?(ақын)
  6. ҚР- ның конституциясы тұңғыш  қашан қабылданды?(993ж 28 қаңтар)
  7. Сенің құқығың? (білім алу)
  8. 1986 ж. оқиға (желтоқсан оқиғасы)
  9. Жолаушы мұраты – (жету)
  10. «Жеті жарғы» кімнің заңдары?
  11. Ең қадірлі адам – (ана)
  12. Соғыста ерлік көрсеткен адам -  (батыр)
  13. Қазақстан астаналары болған қалалар? (Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)
  14. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қай жылы, қай айда дүниеге келген? (06.07.1940)

ІІ топ капитанына:

  1. Қазақ хандығының іргесін қалаған кім?(Керей мен Жәнібек)
  2. Қазақ тарихындағы барлық  ұлт – азаттық көтерілістер қандай саясатқа бағытталған?(отаршылдық)
  3. 1931-1933 жж. не болды? (ашаршылық)
  4. М.Өтемісұлы кім?(ақын, батыр)
  5. Ш.Уалихановтың өмір сүрген жылдары?(1835-1865)
  6. Азаматтық борышың? (Отан қорғау)
  7. Елордамыз (Астана)
  8. 1991 ж оқиға(тәуелсіздік)
  9. Бір жылда қанша апта бар? (52)
  10. КСРО тараған жыл? (1991)
  11. Әлемдік дінге қай діндер жатады? (ислам, христиан, будда)
  12. Бүркітті баптайтын адам? (Құсбегі)
  13. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында? (9)
  14. Төл теңгеміз айналымға қашан енді? (15.11.1993)

Жүргізуші:

Топтардың қайсысының ұпай саны аз болса соларға көмек ретінде  ән жұмбақ жасырылады. «Бұл қандай ән?»  деген сұраққа жауап беруіңіз керек.  ІІІ тур  «Мақалдың жалғасы...................».

І топқа:

 

  1. Атаның баласы болма.............(адамның баласы бол)
  2. Еңбек етсең ерінбей, ...............(тояды қарның тіленбей)
  3. Білекті бірді жығады................(білімді мыңды жығады)
  4. Жүз сомың болғанша...............(жүз досың болсын)
  5. Досы көпті (жау алмас)

ІІ топқа:

  1. Ақыл азбайды...............(білім тозбайды)
  2. Батыр бір оқтық.............(байлық бір жұттық)
  3. Тура биде туған жоқ...............(туғанды биде иман жоқ)
  4. Адам баласы ішінде ..............(мал аласы сыртында)
  5. Дұшпан күлдіріп айтады...............(дос жылатып айтады)

Жүргізуші:

Топтардың қайсысының ұпай саны аз болса соларға көмек ретінде  ән жұмбақ жасырылады. «Бұл қандай ән?»  деген сұраққа жауап беруіңіз керек.  Келесі турымыз «Дұрыс жазылуын тап».

І топқа: «Патриархат»

ІІ топқа: «Матриархат»

І топқа: Бейнефильм «Көшпенділер»–Мансұр рөлінде- Куно Беккер

ІІ топқа: «Жаужүрек мыңбала» - Сартай рөлінде - Асылхан Төлепов

 

Топтардың қайсысының ұпай саны аз болса соларға көмек ретінде  ән жұмбақ жасырылады.

«Бұл қандай ән?»  деген сұраққа жауап беруіңіз керек.  Келесі турымыз «Танымдық сұрақтар».

І топқа:

«Үш жүз қазақтарының арасында найман тайпасының Қаракерей руынан шыққан, ақылдылығымен, батылдығымен көзге түсіп, халқы оны «Дарабоз батыр», яғни батырдың батыры, Абылай хан оны Хан батыр атаған». Кім жайында айтылған? (Қабанбай)

ІІ топқа:

«Дала ақыны, жоңғар шапқыншылығы жылдары қазақтың ерлік күресінің жыршысы болған. Халық зердесінде ол жоңғарларға қарсы ынтымақтаса күш біріктіруге шақырған ақын. Ол тоғыз ханның кеңесшісі және сарай ақыны болғн. Оған «Қазақ Гомері» атағын берген». Кім жайында айтылған? (Бұқар жырау)

І,ІІ топқа ортақ сұрақ суреттегі қарудың қайсысы:

Мына үш қарудың қайсысы кесу құралы?

Жүргізуші:

Келесі тапсырма «Қатені тап» тапсырмасы. Сурет беріледі, мұнда 8 қате бар. Соны табу керек.

Жүргізуші:

Топтардың қайсысының ұпай саны аз болса соларға көмек ретінде  ән жұмбақ жасырылады. «Бұл қандай ән?»  деген сұраққа жауап беруіңіз керек.  Келесі турымыз «Қазіргі Қазақстан» деп аталады. Атақты адамдардың айтқан нақыл сөздері беріледі, кімнің сөзі екенін табу керек.

І топқа: «Өз тарихын сыйламаған халық, өзін де сыйламайды» . Кім айтқан? (Н.Назарбаев)

ІІ топқа: «Тәртіпсіз ұл болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» Кімнің сөзі?(Б.Момышұлы)

Жүргізуші:

Осы турда картамен жұмыс болады, яғни Қазақстанның қалаларының орналасу аймағын табу керек. Картадағы : Алматы, Орал

Топтардың қайсысының ұпай саны аз болса соларға көмек ретінде  ән жұмбақ жасырылады. «Бұл қандай ән?»  деген сұраққа жауап беруіңіз керек. Соңғы турымыз  «Орнын тап».

І топқа:

  1. Ұлтымыз -.................( қазақ)
  2. 1511 ж. хандық билікті басқарған хан.............? (Қасым)
  3. Шыңғыс ханның заңы..........? (Жасақ)

ІІ топқа

  1. Әбу насыр Әл – Фарабидің туған жері: .............. (Фараб)
  2. Малынан айырылған кедей...............(жатақ)
  3. Әбілхайыр ханды өлтірген сұлтан.............. (Барақ)

Жүргізуші:                           Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

Тура келіп тарихи бір орайға

Тәуелсіздік түсті деме оңайға.

Бастан өткен «Шұбырынды ақтабан»,

Не көрмеді қазақ елі соны ойла.

                                          Дербестігін аңсаған ел ақ, адал,

Қанын төкті қанша батыр бабалар.

Осы жолдар құрбан болды емес пе?

Халық жауы атанған көп ағалар.

                                           Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын

Желтоқсанда шықты алаңға жастарым

Әр ұрпақтың құбандары жеткілік

Дербестікке кім сұрамақ басқа құн

 

Он алтыншы желтоқсан                                                                                               -Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн
Жасай берсін, ұлы күн!
Үміті боп елінің,
Ақ күні боп баланың,
Шаттығы боп шалдардың,желтоқсан,
Елдің ұлы мейрамы,
Жаңа шыққан көктемдей.
Жаз күніндей жайдары,
Арымыздай тап – таза,
Жанымыздай шуақты,
Көтерілді биікке ,Қазақстан байрағы!
Он алтыншы желтоқсан,
Ел мерейі тасыған,
Қазақ деген қалың жұрт,
Бәрін кешті басынан,
Естісін ел үніңді,
Дүние түгел естісін,
Тәуелсіздік туыңды,
Биік көтер, жас ұлан!

- дей отырып сайысымызды қорытындылаймыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.