Туған күн кешінде!

Маншук Гильманова Сарсенғалиқызы

Тақырыбы: «Туған күн кешінде!»

Мақсаты: Бұл күн балалар үшін өте ерекше күн. Балалардың туған күндерін атап өту барысында  бір-біріне тілектер білдіру арқылы, жақсы сөздер айтқызып сөз байлықтарын дамыту. Адамгершілікке қадірлі бола білуге тәрбиелеу.         

Көрнекілігі: Туған күн кешіне арналған безендірілген бөлме, малақайлар, ертегі кейіпкерлерінің рөліне ойналатын киімдері.

Барысы: Құрметті ата-аналар, шақырулы қонақтар бүгінгі «Туған күн кешінде!» атты  мерекелік шарамызға қош келдіңіздер. Ата-аналар және бүлдіршіндер  бүгін «Көгершін» тобында  күз айларында 3 баланың  туған күндері аталып өткелі отыр. Осы мерекеге байланысты 3баланың Олар:

Букенбаев Нұрислам 

Орынғали Қарақат Ақеділқызы

Табылды Айеркем Тарғынқызы

Ал енді осы балаларымзды ортаға шақырып құттықтау бұршына отырғызғым келіп отыр.

Келе қойыңдар мына ортаға отырыңдар.

Ал отырған бүлдіршіндеріміз бүгінгі біздің туған күн иелеріне  қандай сыйлықтар мен көріністер дайындады екен, қанекей барлығымыз бірге қошеметтеп тамашалайық.

Ең алдымен туған күн иелеріне тілектер тілеп көңіл-күйлерін көтеріп алайықшы, қанекей кім тілек айтқысы келіп отыр, орнымыздан тұрып бір-бірлеп жақын достарымызға тілектер тілейікБалалар  туған күн иелеріне тілектер айтып көңіл-күйлерін көтереді.Туған күн иелері алғыстарын білдіреді.

Гүлдей жайнап өсе берсін өмірің

Судай тасып көтерілсін көңілің,

Әрқашанда ақ жол тауып алдымнан

Бақытты да ұзақ болсын өмірің.

Ал енді барлығымыз орнымыздан тұрып осы туған күн иелеріне арнап жақсы ән айтып, шырқатып жіберейікшіӘн: «Қошақаным»

Қандай керемет ән десеңізші, жақсы балалар  орындарыңа отыра қойыңдар, бүгін менің де туған күнім өтіп жатқандай сондай қуанышты күйде шаттанып жүргендей өзімді сезініп отырғандаймын балалар сендерге рахмет.

Мың бұралған бишілер шалқып тасып,

Келді міне ортаға, шалқып басып,

Аруларын сыйлаған халқым менің

Көңілменен, қошеметпен қол соғайық.

Кезекті әсем биге берелік балалар біздің осы «Көгершін» тобының бүлдіршіндері соның ішіндегі мың бұралған биші қыздарымыз  «Қазақ биін» билеп сендердің көңілдеріңді көтеріп, сендерге шат күлкі сыйлағылары келіп отыр,  ендеше  барлығымыз қол соғып қыздарымызды қарсы алып ортаға шақырайықшы.   Балалар қыздарымыздың билері сендерге ұнады ма?-Ия, ұнады.

Сендер шаршаған жоқсыңдар ма?-Жоқ.

Бүгін сендердің туған күндерің аталып өтілуде.Күз мезгілі.

-Күз мезгілінің үш айын атайықшы?Қыркүйек, қазан, қараша.

Өте дұрыс айтасыңдар, міне бүгін  біздер осы күз мезгілінде аталып өтілетін бүлдіршіндеріміздің ата-аналарын шақыртып, көңіл-күй сыйлап сендерді шаттандырғымыз келгені де осы.

Балалар біздер биді де, әнді де тамашаладық, сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ғой солай ма?

Ия, тыңдағымыз келеді.

Балалар  бүгін бізге ерекше қонақтар келеді. Қане бізге  кімдер келеді екен қарайықшы , балалардың барлығы есік жаққа қарады.

        Ақтөс: Аф,Аф,Аф. Сәлеметсіздер ме, апай, Шөжетай ! Амансыңдар ма достарым?

Апай: Сәлеметсіңдер ме, Шөжетай және Ақтөс, сендер екенсіңдер ғой бізге қонаққа келе жатқан.

Шөжетай мен Ақтөс қуыршақпен ойнап отырып таласып қалады.

       Шөжетай: Әкел  куыршағымды.

           Ақтөс: Бермеймін деп қуыршақты әрі-бері жұлқылап  тартып бермейді

   (Шөжетай жылайды)

Апай: Бұның не сенің Ақтөс? Қуыршақпен осылай ойнауға болады ма екен?

Жылама, Шөжетай. Қане Ақтөс досыңнан кешірім сұрашы.

Ақтөс: Кешір мені Шөжетай.

Шөжетай: Жарайды. Ақтөс қуыршақпен ұқыпты әдепті ойнау керек. Қуыршақ біздің досымыз. Солай емес пе, апай?

Апай: Әрине, солай Шөжетай. Ойыншықтармен таза ұқыпты ойнай білу керек.Сонда ойыншықтар сендерге ренжімейтін болады.

Ақтөс: Түсіндім апай. Енді олай жасамаймын. Шөжетай қане бірге ойнайықшы.

Шөжетай: Жарайды.

Апай: Жарайсыңдар Шөжетай, Ақтөс. Бүгін бізге «Қызыл телпек пен оның қайырымды достары» қонаққа келіпті. Олай болса біз бүгін «Қызыл телпек қыз» ертегісін тамашалайтын боламыз.

Ертекші: Ерте,ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде бір кішкентай қыз болыпты. Оны «Қызыл телпекті қыз» деп атапты. Анасы оған бір күні былай дейді:

Анасы: Қызым, әжеңе барып денсаулығын біліп қайт мына бәліш пен құмырадағы майды апарып  бер. Тек орманда абайлап жүр, еш жерде кідірмей  және ешкіммен әңгімелеспей барып қайт.

Апай: Қане балалар «Қызыл телпектің» әжесінің үйін табу үшін біз Қызыл телпектің достарын шақырайықшы.

Дара: Сәлем достар! Менің атым Дара!

Елдос: Ал, менің атым Елдос.

Екеуі: Бүгін ерекше күн балалар Қызыл телпекті қызға әжесінің үйіне баруына көмектесеміз бе?

Балалар: Ия, көмектесеміз.

Дара: Қызыл телпекті қыздың әжесінің үйіне апаратын  жолды кімнен сұрайтын едік балалар?

Балалар: Картадан.

Дара: Қане бәріміз карта деп айтайықшы

Балалар: Карта, карта деп айқайлайды.

Карта: Мен картамын3 деп карта келеді.

Ертекші: Балалар қызыл телпекті қыз анасының үйіне барғысы келеді, біз оған оңай жолды   көрсетіп берейік. Мына жерде үш жол бар,осы картада берілген арқылы қызылтелпектің әжесінің үйіне барады.

Ертекші:Қызыл телпекті қыз анасының айтқанын есінен шығарып, орманнан гүл теріп, көбелектерді қызықтап жүргенде алдынан қасқыр шыға келеді.

Қасқыр: Қызыл телпекті қыз қайда бара жатырсың?

Қыз: Мен әжемнің үйіне бара жатырмын, бәліш пен  құмырадағы майды  апарып беруге бара жатырмын.

Қасқыр: Әжең қайда тұрады?

Қыз: Алда көрініп тұрған дирменнің ар жағында тұрады.

Ертекші: Қасқыр қысқа жол мен  жүгіріп кетеді де, қызыл телпекті қыз ұзын жолмен жүреді.

Ертекші: Сол сәтте қасқыр қызыл телпектен бұрын әжесінің үйіне жетеді.

Қасқыр: Тоқ, тоқ.

Әжесі: Бұл кім?

Қасқыр: Бұл мен қызыл телпекті қызбын ғой дейді.

Әжесі: Жіпті тартсаң есік ашылады.

Ертекші: Қасқыр  үйге кіріп әжесін байлап , тығып қояды. Содан кейін әжесінің киімін киіп төсегіне жатып алып қызды күтеді. Көп кешікпей Қызыл телпекті қыз  келеді. Әжесінің төсегінің қасына келіп, былай – дейді.Қыз: Әже, әже неге сенің көзіңмен құлағың үлкен.Қасқыр: Сені жеу үшін деп қызды жеп қояды.Апай: Ақтөс, Шөжетай сендерге ұнады ма?Шөжетай: Апай өте қызық болды.Ақтөс: Ұнады бірақ қызыл телпекті қыз анасының сөзін есінен  шығармауы керек еді ғой апай.Апай: Ия, Ақтөсжан дұрыс айтасың анамыздың сөзін мұқият тыңдауымыз керек балалар . Сонда біздің ісіміз тиянақты болады, қолайсыз жағдайларға тап болмаймыз.

Қызғалдақтай жайнай берсін өмірің,

Судай толып көтерілсін көңілің

Ешқашан да көңіліңе кір шалмай,

Бақытты да ұзақ болсын өмірің дей келе бүгінгі біздің туған күн кешін аяқтауға рұқсат етңіздер.Тілек білдірем деуші ата-аналар болса ортаға шығып

Жылы лебіздеріңізді білдіруге болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.