Тақырыбы : Бейнелеу өнерінің дәстүрлі емес түрлері - Renal -образовательный портал

Тақырыбы : Бейнелеу өнерінің дәстүрлі емес түрлері

Изгуттинова Эльмира Жениспекқызы

Тақырыбы : Бейнелеу өнерінің  дәстүрлі емес түрлері .

 Мақсаты:

1.Білімдік : құрастырудың тірек - сызбаларын пайдалану арқылы  оқушыларды  жапондық дәстүрлі емес  өнер түрі  Икебана  композициясымен  таныстыру . Оқушыларды табиғи материалдан   икебана  композициясын  құрастыруды үйрету

  1. Дамытушылық: топта жұмыс істей алуға үйрету ,  шығармашылық    қабілеттерін  және  эстетикалық  талғамдарын  кенейту, дамыту.
  2. Тәрбиелік : басқа халықтардың мәдениетіне құрметтеп қарауға , толеранттық табиғаттың   сұлулығын түсіну , бағалау  сезімдерін қалыптастыру .

Сабақ  типі : аралас

Сабақ түрі :  топтық

Қолданылатын технологиялар: АҚТ , денсаулық сақтау технологиялары

Әдіс – тәсілдер:  иллюстрациялау, әнгімелеу .

Құрал жабдықтар : мультмдиялық жабдықтар , аудиоқұрылғылар , сабаққа презентация , видеоматериалдар , қағаз, табиғи материалдар .

Сабақ барысы :

Ұйымдастыру кезені (психологиялық ахуал қалыптастыру)

топқа бөлу   ойыны « Ел және аралдар»  ( топ атаулары   Хонсю  , Хоккайдо   ,  Кюсю.

І. ОЙҒА ШАҚЫРУ 

( Жапон музыкасы , )

-Балалар өткен сабақта біз тамаша , жұмбақ  ел туралы  айтып едік . Ол  кай ел  еді ?

(Оқушы жауабы )

Дұрыс айтасындар . Бұл ел - Жапония

 СЛАЙД  №   1

Жапония  туралы  қаншалықты  білетіндерінді    тексеріп көрейік

 (кластермен жұмыс)    (видеокөрініс – Жапония )

ІІ -ОЙ ҚОЗҒАУ КЕЗЕҢ

Сабақтың тақырыбымен  мақсатымен   таныстыру

СЛАЙД № ---2

Жапондықтардың  мінезіндегі  ерекше  белгі не ?       

Оқушы: Әдеміліктің  бір кішкентай  көрінісін байқай алады , және бағалай алады

Оқушы: Табиғатпен үйлесімділікте  тұру – жапондықтар үшін өмір заңыдығы .

Мүғалім: Дұрыс айтасыңдар :  жапондықтар   ерте заманнан  бастап ,  өмірдін баға жетпес  кішкентай  ғана  , сұлулығын  көре  білген : ғылымнан  болсын ,  өнерді  болсын ,  өз балаларына , еліне  деген  махабатта  болсын,   бар нәрседен  үйлесімделік – гармония  таба білген .  Табиғаттың  құбылыстарына  тез бейімделіп  ,  табиғатқа  қамқорлықпен  қарау,   жапондықтардың  ұлттық  мінезінің  басты  белгісі  деп айтуға  әбден  болады .

Сондықтан  да  Жапонияда  көп  мерекелер  ағаштар  мен ,  гүлдерге  арналған .

Соның ішінде  Сакура   гүлденүі .

Сакура - шие ағашы – жеміссіз

СЛАЙД   № -   3 ( сакура )

Сакура деген  не?

Сакураның  гүлдеу  кезенің  жапондықтар  «Ханами»  деп  атайды. Сакура  немесе шие ағашының гүлденгені көктем мезгілінің келгені дейді . Әр қалада, Сакура  кәзір қандай болып тұрғаны, оның қашан гүлдейтінің,– бәрін синоптиктер бақылап, барша елге  хабарлайды, ғаламторда жариялап отырады.

( видеокөрініс )  Сакура

Сакураның гүлдеу кезеңі бір аптаға созылады. Осы  кезде жапондықтар ұлттық киімдер киіп, бұл кезеңді ән айтып, билеп, ұлттық ойындар жүргізіп өткізеді. Ұлттық тағамнан ауыз тиіп,  бір-бірін осы кезеңмен құттықтап, игі тілектер айтады.

Барлығы сакураның гүлдегенін бақылайды . Шиенің гүлдеген  ағаштары  қызғылт  бұлттарға  ұқсайды  да  жапондықтар  көктемінің  керемет  көрінісіне  сағат  бойы  қарап  тұрудан  бір жалықпайды .

Шие ағашының саясында демалып, табиғат құбылысына тамсанады.

Кейбір жандар ағаш түбінде тәулік бойы тұрақтанып қалуы мүмкін. Сакура астында отырғанда, шараға гүл жапырағы түссе, келер жыл молшылыққа, табысқа, сәттіліктерге толы болады деп болжаған. Гүлі мен жапырағын тамаққа да пайдалануға болады.

Негізінен, сакура      жапон мәдениетінің символы ретінде қаралады. Жапондар үшін сакура гүлі- өмірдің тез ағысын (жылдам қозғалыс, тез өтіп кететін сәт) және нәзіктігін (хрупкость) сипаттайды.

Өрік гүлдесе – иісі жақсы . шие гүлдесе -  көз ала алмайсың  деген  жапондықтардың мақалы бар  екен .

Әр жапондық   сакура гүлденген кезде  үйін соның  гүлдерімен  әшекейлеп, ол гүлдерді  арнайы  құмыраларға  салып  қояды .

Жапония   мен  Қазақстан   екі  түрлі мемлекет  . Тілі де , киімдері де , сәулеті , дініде  бөлек . Сырт қарағанда  ешқандай  байланыс  жоқ  сияқты

СЛАЙД  №- 4

Дегенмен жапондар  сияқты бізде  көктемнің  келгеніне  қуанамыз .

І- топ  пен ІІ- топ  Қазақстан  мен   Жапония   елдерінің ұқсастықтарын  айтады , ІІІ- топ   айырмашылықтарың   айтады 

 

Топтық жұмыс

Ал  енді, балалар, Жапондық ,  гүлдеп тұрған сакура жасап көрейік .

 

Дәстүрлі емес сурет салу Практикалық жұмыс  (  жапон  музыкасы )-

-  Шығармашылыұ жұмысқа кірісейік . (Алдарында   жұмысқа қажетті  материалдар)

Ал енді    гүлдеп тұрған  сакураны  жасауға бізге,  бірінші , сиқырлы түтікше керек ,ол үшін біз

қаламсап алып  оны түтікшеге айналдырамыз .

Түтікше дайын , түтікшенің жіңішке  үшімен  үрлеп көрейік , ауа  барма ма ,  келіп тұрма, жақсы?

Алдарында қағаздан қйылған құмыра пішіні жатыр , оған мен сендерге     әр қайсына  жапон тушінін тамшыларынан   арнайы  силаймын . Тамшыларынды түтікшемен үрлеп ауаның көмегімен   өздерінің  кішкене  туындыларынды  жасай қойындар .

Әр топ  өзінің бұтағын салады .

Кәне үрлейік , ақырын , қатты , өкпелерімізді жаттықтырамыз,тағы үрлейміз  ақырындап , жел басылады

 Түтікшелерді, алып қойындар.  Енді осы  пайда болған суретке ,  пластикалық ыдыстын түбімен,  гуашь бояумен   гүлдерді    бастырамыз.

Енді бір бірлеріне жұмыстарынды көрсетіндер ? Ұксастық барма ?Бағалап  жіберейік.

 Оқушылардың сакура туралы аңыз  хабарламаларың  тындап көрейік Аңыз

Бір күні  жас монах  қатты дауылдан  кейін  сакураның сынып қалғанын  бұтағының  көреді де, оны  Буддаға   апарып ,екінші  рет  өмір беруін сұрайды . сол  сәтте  ол  бұтақ тіріліп  гүлдеп сала берді.  Будданың құрметіне  дәл осы жерде  тұнғыш икебана  пайда болыпты.

СЛАЙД  № -5

Жапон елінің  ерекше  бүкіл әлем мойындаған өнер түрімен  танысайық  - ол Икебана

 Жапондықтардың гүлге, шөптерге, ағашқа деген нәзік сезімі, буддизмнің ежелгі әдет-ғұрпы бойынша құдайларға гүл шоқтарын әкеліп қоюдан -икебана өнері келіп пайда болды.

Видео көрініс   Икебана

Икебана (жапон. 生け花 немесе жапон. いけばな икебана, «ике» — өмір , «бана» — гүлдер, дәлме-дәл « гүл  өмірі  ») — гүлдер мен басқа да өсiмдiктерден әсемдеп гүл шоғырын жасайтын,  өнер түpi.

Икебана – табиғаттың  бір кішкентай ғана бөлігінің  ,  сұлулығын  көрсететін  бейнелеу  өнерінің  түрі

Икебананың басты міндеті -  табиғаттың әсемдігі мен мүлтіксіздігін көрсету, қарапайым материалдардан әдемi, көркем шешiм таба бiлу, кез келген үйді, бөлмені, сахнаны, театр холлдарын, үлкен ғимараттарды өзгертіп, түрлендіріп, көз қуантарлықтай әсер беріп және ыңғайлық пен жылылықты сездірту керек .

Икебана өнер peтiндe 15 ғ. қалыптасты.

Ең бірінші икебана шебері  болып   Будда дінінің  өкілі Сэнуму саналады.    Ол шіркеуге  жасап  қойған композициялары  өте қарапайым  және үш  бұтақтан немесе гүлдерден  тұратың  .

Икебана мектебінің  негізін салушы Софу Тэсигахара, айтуынша  Икебана  бейнелеу өнерінің дербес көрінісі .  Оған жақын  қашау .

Кәзіргі заманда   Жапон елінде  Икебана  мектептері  мен стильдері өте көп . соның ішінде Жапониядағы  ең көне танымал икебана   мектептерінің  бірі Икэнобо ға тоқтап  өтсек  

СЛАЙД № - 6

 Икенобо  басты   көне мектептің  стильдері,  әлі күнге дейін сақталған . Олар

СёкаРикка, Морибана,Нагэирэ ,  Дзиюка  стильдері

Осы стильдер  туралы  оқушылардың  хабарламаларың тындайық

Казіргі  заманда гүл құрастырудың   негізгі ережелері әлі  күнге дейін  сақталған.

СЛАЙД № 7

Икебана композициясын  қай бағытта  жасасада ең маңызды басты   ережелерді ұмытпау керек.    Икебананың    негізін   құрайтын: ( аспан – син  , адам -  соя  ,  жер – хикаэ ) ,  үш бұрыштап өсімдіктерді  негізгі  ережелері бойынша құмыралаға орналастырады. Мында  әр  элемент   арнайы анық   жазықтықта,   тігінен ,    қисық  немесе    орналасады.

Гүлдер мен  өсімдіктер  жыл мезгілдері  сияқты өзгеріп отырады , соған сәйкес  композиция  да өзгереді

Икебана қай мерекеге қатысты жасалатының ойластырып , құмырыны дұрыс тандап,  тіпті құмыраның қай бұрышта  орналасатынында,   ойластыру  керек. Ол композицияны толықтыру керек. Нағыз икебана жасау үшін , алған құмыраға , ең алдымен  , құрама  бөліктерді ( аспан – син  , адам -  соя  ,  жер – хикая ),    дұрыс тандап алу  керек

Бұтақтар әр түрлі  биіктіктерден    түрады  : Биік бұтақ – аспанды ,

Орта биіктіктердегі бұта – адам , аласа-  ол гүл  жерді

Икебана жасауға керек заттар: 

Гүлдер

Бұтақтар

Қайшы

Гүлдерді үстайтын оазис губка пена

Түрлі құмыралар

Таза су

Қосымша  әрлеуге , көбелектер, құстар , жұлдыздар , лента т.б

І – бұтақ – Син  - алға қиғаш орналастырамыз

ІІ  - бұтақ   Соэ  қарама  - қарсы    жағына   орналастырамыз

ІІІ -  енді үшінші бұтаққа көшеміз     хикаэ -  жер   –  қысқа   гүлдерді пайдаланып өзімізге қарай  қиғаш орналастырамыз , Қалған   жердерін  біз  көмекші    Дэюси     бұтақтармен , гүлдермен толтықтырамыз  олар  иелерінен   бір шама  қысқа,   ұсақ .

Құмыраның  биіктігімен   диаметірінің   алған  өлшемі құмыраның өлшемі болып табылады

1 ) Бірінші  негізгі  бұтағын   құмыраның өлшемінің  1,5  немесе  2 рет  көбейтеміз

2)  бұтақ  СОЭ   син  бұтағының    ¾  бөлігін құрайды

3) хикаэ  бұтағы   ,  соэ бұтағының ¾    бөлігін құрайды

Гулдердің , бүтақтардың үштерін  суда кесе міз артық жапырақтарын алып тастаймыз

Әр гүл өз тілінде сөйлейді .

Икебананы  игі тілек  білдіру  белгісі ретінде  туыстарына , достарына  сыйға  тартады

Үш бұтақты біріктіру  триада  үштік деп атайды : аспан , адам, жер.

СЛАЙД

 

Қауыпсыздық ережесін сақтау ( қайшыны пайдалану )

Сергіту сәті   

Жұмысқа кіріспес бұрын,  дем алып алайық.

СЛАЙД № 8

ІІІ  -   РЕФЛЕКСИЯ

Икебана жасау шеберлігін меңгереріп  көрейік .

Кәнекей балалар, қандай атаулы  мерекелер   жақында  болады ?

Балалардың жауабы .

Кәзір әр топ  арнайы мерекеге икебана жасайды

Әр топ  өз тапсырмасын орындайды

І – топ -  8 наурыз

ІІ – топ  - 22 наурыз

ІІІ – топ -  9 мамыр

Практикалық жұмыс

Оқушылар    сызбаға қарап , керек заттарын  алып,  өз икебаналарын  жасайды.

Икебананың   композициясын  тыныштықта жасай бастайды .  Гүлдердің  сұлулығын  көрсетуге тырысындар . Олармен  тіршілік иесі ретінде сөйлесіндер .

(ҚҰРАСТЫРУ)Дұрыс құрастырылған икебана  сол уақытқа ,  сол жағдайға сәйкес  келеді .

 Көрме ұйымдастыру

 ӨЗІН  ӨЗІ БАҒАЛАУ

 

Бүгін сабақта кластер  толтырдыңдар , сакура  сөзімен, мерекесімен   және сакура гулдеп тұрған  бұтағын салып үйрендіңдер , Икебана  сөзімен, тарихымен  таныстыңдар ,   икебана жасап үйрендіңдер .

Енді қаншалықты  бүгінгі сабақты ,  естеріне сақтап калғандарынды   кубик рубик  арқылы  тексеріп көрейік ?

ҚОРТЫНДЫЛАУ    ( Кубик использовать )

Балалар , бүгін  сабақта  біз жаңа  не үйрендік?

Икебана деген не? ( Жауап )

Икебана қашан  және қайда пайда болды ?

Қандай түрлері бар ?

Үй тапсырмасы

8 наурызға  икебана  әзірлеу

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.