«Сәт сапар, жас түлек!» атты салтанатты жиынының сценарийі

2015 – 2016 оқу жылының негізгі және орта мектепті бітіруші түлектеріне арналған «Сәт сапар, жас түлек!» атты салтанатты жиынының сценарийі

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!
Бүгінгі «Сәт сапар, жас түлек !» атты мектептің бітіру  кешіне қош келдіңіздер.

Бүгінгі күн әрбір жас түлектердің жүрек түкпірінде мәңгі сақталып қалатын мектеп өміріндегі соңғы салтанаты. Сонымен қатар, биылғы жыл - Қазақстан жылнамасында Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойын атап өтетін ерекше жыл. Бүгінгі мектеп бітіруші жас түлектеріміздің алдағы өмір жолдары сәтті болып, ашық аспан, Отанымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! – деп салтанатты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,
Тойларыңыз құтты болсын ағайын!

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға,

Шын пейілімізбен құрметімізді көрсетіп,

Түлектерді шақырайық ортаға!

 

Жүргізуші: Балалық шақты артқа тастап, үлкен өмір жолына аттағалы отырған бүгінгі салтанаттың иегері – мектеп түлектерін қошеметпен ортаға шақырамыз.

 

Жәнел Біржан

Жұманбаев Әлішер

Омірбаев Жарасым

Төлеутай Сұңғат

 

Арамызда 9 сыныпты бітірген түлектер де бар. Олар:

Алхайдарова Айнат

Бөлтрік Ермахан

Нұрабаева Жанбота

Омірбаев Мирас

Сакен Қуаныш

Умарова Заретта

Халхаман Меңдігүл

Ерохин Руслан

 

(Әуен ырғағымен түлектер көрермендер залының екі есігінен  халық ортасынан өтіп, сахнаның төменгі тұсына   барып  тұрады.)
Жүргізуші

Тарихы бар қазағымның ежелгі,

Егемен боп мол бақытқа кенелді.

Сарыарқамда есті самал кенділеп,

Аспанда тұр көк байрағым желбіреп.

 

Таусылмаса жүректегі асқақ әнім,

Тек биікте самғатам жыр қыранын.

Азатпыз, Тәуелсізбіз, Еркінбіз! – деп,

Шырқайық ұлы Отанның әнұранын.

 

(Әнұран орындалады)

 

Жүргізуші: 2015-2016 оқу жылының мектеп бітірушілер салтанатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!

(Музыка ойналып , мектеп бітіруші түлектер мен сынып жетекшілері көрермендер залынан орын алады.)

 

Өрендер кетті, сендерден енді балалық,
Тұрсыңдар міне, болашақ күнге жол ашып.
Кетігін елдің жетілдірер бол азамат,
Бір кірпіш болып дүниеге мына қаланып.
11 жыл оқып, білімің түсті нұрлана
Аттестат  алғалы тұрсың осынау ордада.
Аттестат деген – азаматтық куәсі,
Аттестат деген - өмірге берген жолдама.
дей келе көптен күткен қуанышты кезең, 11 жылғы төккен теріңнің жемісі,
11 жыл бойы алған біліміңнің белгісі Аттестат алу кезеңі келгендей.
11сыныпты және 9 сыныпты бітіргені туралы құжатты  тапсыру  рәсімі  мектеп директоры Куанышева Асемгүл Тұрсынбековна мен директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары Сембекова Үміт Амандыковнаны шақырамыз.
Құттықтау сөз кезегі Маржанкөл селолық округінің әкімі Мұқанов Бірлес Ақашұлына беріледі.

Кешіміз басталды салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты,
Мың бұралып бишілер би билейді.
Халайық қол соғыңыз мархабатты.- дей келе, жас бишілердің   биін қабыл алыңыздар!
Құттықтау сөз кезегі 11-сыныптың жетекшісі Аралова Асыл Турсыновнаға беріледі.
Ата-ана тәрбиелеп балапанын,
Әлдилеп, аялаған алақаның,
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын – дей отырып сөз кезегі жас түлектердің ата-аналарына беріледі.

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге.
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз – деп, келесі құттықтау сөз кезегі                                                                                                                 беріледі.
(Музыкалық сәлемдеме) Ән _______________ орындайтын ______________________

Ән шашу. 

 

Анашым! Қайда жүрсем сен – күш, арым,

Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.

Қайда барсам, өзіңдей қарсы алады

Кең байтақ Отанымның кең құшағы.

Анашым! Жаратылдың бағыма шын,

Білемін көңілсізсің, сағынасың.

Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар Алдарында жарқын болашағы бар түлектеріміз  - Қазыбек Әлихан, Қойшығара Ербол, Құрмаш Асылан, Хамзе Ырысбекті сахна төріне шақырамыз.  «Мама» әні

(Музыкалық номер) Хор «Ұстазым» әні»          Әні Әбілахат Еспаевтікі
Сөзі Аманжол Шамкеновтікі

Ән: «Мектеп вальсі»  (Түлектер мектеп вальсін билейді)
 Қиындықтар мойытпасын сендерді,
Батылдық пен асыңдар сан белдерді .
Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,
Жақсы іспен қуантыңдар енді елді
Қыран болып ұшыңыз,
Оқуларға түсіңіз.
Еңбекте көп қуаныш
Елде талай туар іс.
Кемелденген маман боп,
Келіңіздер аман боп.
Мерейлі боп күніңіз
Мектепке кеп тұрыңыз.
Сағынамыз күн сайын,
Кездесейік жыл сайын.
Сіздерге жалын жүрекпен
Айтамыз достық тілекпен.
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.