М.Жұмабаев «Қысқы жолда» өлеңі

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Психологиялық ахуал туғызу.
Мозайка арқылы сыныпты төрт топқа бөлу.

Кеңейтілген тапсырмалар арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығы жөніндегі білімдерін тексеру.

Қайталау сұрақтары:
1) М. Жұмабаев кім?
2) Ақын қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
3) Мағжан неше жасында сауатын ашты?
4) Қандай тілдерді жақсы меңгерген?
5) Қандай өлеңдерін білесіңдер?
ДЖИКСО әдісі бойынша жаңа тақырыпты бөлімдері бойынша әрбір топқа бөліп беріп, оқыту, тапсырмалар беру арқылы талдау жұмыстарын жүргізу.

1 - тапсырма
Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу
Тақырып – ақынның айтар ойының қазығы
Идея – ақынның айтар ойы мен мақсаты
Өлеңнің тақырыбы – қыс мезгілінің ерекшелігі, долы боранның адамға, жан - жануарға әсері.
Өлеңнің идеясы – қыс сипатын күшейтіп, суреттеп, адамдарды табиғаттың долы күшіне қарсы тұра білуге шақыру.
2 – тапсырма
Өлең неше шумақтан, неше тармақтан тұрады? (5 шумақ, 21 тармақ)
Қыстың ерекше сипатын қай шумақтардан аңғардыңдар?
3 – тапсырма
Әдебиет теориясы
Өлеңнен кейіптеу, теңеу, эпитеттерді табу.
Кейіптеу:
Екі иінінен дем алып
Ішін тартып осқырып
Кейде қатты ысқырып
Аңдай ұлып бір мезгіл
Екі санын шапақтап
Біресе сақ - сақ жүреді.
Теңеу: Аңдай ұлып
Эпиттеттер: қараңғы түн, сар дала, ызғарлы жел, суық кебін


М.Жұмабаев «Қысқы жолда» өлеңі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.