Менің Отаным – Қазақстан!

Менің  Отаным – Қазақстан!

Ертеңгілік тақырыбы:   «Менің  Отаным – Қазақстан!»

Ертеңгіліктің мақсаты:   Егеменді  елдің  болашағы  жас  ұрпақ .  Тәуелсіз еліміздің  болашағын  жалғастырушы  ұрпақтың  боыйна  Отанды сүюді , елін ,  туған  жерін  сүюді ,  қастерлеп  қорғай  білуді  үйрету ,  тәрбиелеу . тілдерін  дамытып ,  сөздік  қорларын  молайту.

Тәрбиеші :       Құрметті  ата – аналар , ұстаздар ,  кішкентай  бүлдіршіндер!

Сіздерді  салтанатты  мерекеміз  16 – Желтоқсан  Тәуелсіздіктің

25 – жылдығымен   құттықтаймыз .

                          ( Е.Хасанғалиевтың   «Атамекен»  әні  таспадан ойналады )

Балалар  ортаға  саппен  ту  ұстап , орындарына  келіп турады

Тәрбиеші :       Балбөбек бала бақшасы ,

Күй асқақтап жыр тұнған.

Шын көңілден төгілген,

Көтеріңкі көңілмен,

Қарсы алайық халайық .

Құрметті  Ата – аналар ,  Ұстаздар!

ҚР – ның  Тәуелсіздік  күні  құтты  болсын !

«Менің  Отаным – Қазақстан»  атты  ертеңгілікке  қош  келдіңіздер .

Балалар:         ҚР – ң   «Әнұраны»   орындайды

Тәрбиеші :          Қойыны  көркем  гүл ,

Өнерлі өлкем  бұл .

Жүрегім  мен  жалынды

Берем  саған  Қазақстан

                            Хор:  «Қазақстан»

Жас  әлемде  жалғассын ,

Ол  біздің  Қазақстан .

Қазақстанның  жалауы ,

Ол  біздің  Қазақстан .

Қазақстан  ( 2 – рет)

Отаным  - Қазақстан  ( 2 – рет )

 

Үлкен  аға  бауырлар ,

Ол біздің  Қазақстан .

Отан  өлкең , ата – анаң ,

Ол біздің  Қазақстан .

Қазақстан  ( 2 – рет)

Отаным  - Қазақстан  ( 2 – рет )

Тәрбиеші :           Рәміздерім  елдігімнің  белгілгісі ,

Білу  керек бала  дағы  ең  кіші

Рәміздерім  әнұран ,  ту , елтаңба

Рәміздерін  жатқа  білген  жөн  кісі .

ҚР – ң   Мемлекеттік  рәміздерін  білесіздерме ?

ҚР – ң   Мемлекеттік  рәміздеріне  не  жатады ?

Балалар  жауабы:       Елтаңба ,  Ту ,  Әнұран .

Балалар  тақпақтарын  айтады

Елтаңба

Тәуелсіздік  жолында ,

Талай – талай тер  тамған .

Билігім  өз  қолымда ,

Еркіндігім  -  Елтаңбам.

Ту

Айнымайды  аспаннан ,

Біздің  тудың  жалауы .

Оны  халық  қашанда ,

Биікке  іліп  қояды .

Әнұран

Қазақстан  әнұраны ,

Қалықтасын  көгінде .

Қазақстан  әнұраны ,

Жүрегімнің  түбінде .

Тәрбиеші :     Елтаңба , Ту ,  Әнұран – мемлекеттік  рәміздер

Олар  еліміздің  тарихын ,  дәстүрін , болашағын айқын көрсетеді.

Отан – туып  өскен  жерің ,

Біз – ҚР – ң  азаматтарымыз .

Қазақ  тілі  мемлекеттік  тіл .

ҚР – ң Ата  Заңы  -  негізгі  заң

Ел  басымыз  -  Н. Назарбаев

Тәрбиеші :      ҚР  -  тұңғыш  президенті  кім ?

Балалар  хормен :  ҚР  -  тұңғыш  президенті  Н.Ә.Назарбаев .

Тәрбиеші :                     Тәуелсіз  егеменді  ел -  халқым  менің ,

Жайнасын  көңіліміз  жарқын  жүзің

Сіздер  үшін  ән  мен  күй ,  өлең  мен  би

Сіздер  үшін  мереке  шашуымыз.

Би :    «Сусамыр»   Ортаға    Әмина ,  Айару ,  Еркежан ,  Гүлімді  шақырамыз.

 

Тәрбиеші :                  Айтады  балалар  тақпақты ,

Отаным  деп,  жерім  деп .

Қабыл  алар  ата – ана ,

Жүрегімен  елжіреп .

Балалар :     « Отан» туралы  тақпақтарын  айтады

Ермек                                              Атам ,

Әжем ,

Әкем ,

Анам –

Төртеуіде  де  «Отан!»  маған

Төртеуіде  де  «Ботам!»  дейді …

«Ер  азамат  атан»  дейді …

Мақтанамын  Отаныммен ,

Отаныма  «Ботамын» мен .

Аңсар                       Отан – туған  жеріміз ,

Сүйіп  өскен  еліміз .

Қасиетті  Отанның

Ұланымыз  бәріміз .

Әмина                                           Біздің  ту

Көк аспандай  арай  күн ,

Көк  аспанда  жас  қыран .

Естілгендей  біздің  үн ,

Сол  ғарыштың  астынан .

Қуаныш                         Отан – ана ,

Отан – жер.

Қазақстан –

Туған  ел

Ертуған                 Отан – сенің ,  ата – анаң ,

Отан – досың ,  бауырың ,

Отан – өлкең  астанаң ,

Отан – аудан  ауылың

Санжар                  Отан – жерім ,  Отан – суым ,

Отан  қуат ,  нәр  береді ,

Отан – ұран , Отан – туым ,

Отан  мәңгі  гүлденеді !

Ерасыл                            Отан – ана ,

Отан – жер .

Отан – дана ,

Отан – ел .

Гүлім                      Қуат  алған  өзіңнен ,

Туған  елдің  ұлымын .

Бақытты  етіп  өсірген ,

Отанымның  гүлімін .

                                       Нұрлы  жол

Еркежан                 Болашаққа  бастаған ,

«Нұлы  жол»  бағыт  бағдары

Жастарға  сенім  тастаған ,

Мәңгі  ел,  мәңгі  тұрағы .

 

Асқақтасын  жыр -  әні !

Әлемге  елін  паш  етіп ,

Тәуелсіз  елдің  ұланы ,

Қазақ  елі  жасасын !

Тәрбиеші :     ( Балалар  іс – қимылмен  Көрсетіп  орындайды )

                                    Хор :  «Отан»

Отаным – тірегім ,

Отаным – жүрегім .

Отаным – білерім ,

Отаным – күндерім.

 

Отаным -  тірегім ,

Отаным – үндерім .

Отаным – гүлдерім ,

Кеудемде – жүр менің .

 

Тәрбиеші :           Қазақтың  мақал – мәтелі

                              Әрбір  сөзі  тәрбие .

Түсіне  білген  балалар ,

Сабақ  алар  өзіне .

Отан – туралы  қандай  мақал – мәтел  білесіздер?

Нұрали       1.   Отан – оттанда  ыстық .

Еркежан     2.   Отансыз  адам – ормансыз  бұлбұл

Әмина         3.   Туған  жердің  күні де  ыстық ,  түні  де  ыстық .

Іңкәр           4.   Туған  жер  алтын  бесік.

 

 

 

 

Тәрбиеші :        ҚР – ң  елордасы  қай  қала ?

Балалар :          хормен  -  «Астана»

 

Тәрбиеші :        Жас  Астана  жас  қала ,

Тарихың  бар  ашпаған .

Ордасы  бол  ойшылдың ,

Ең  басқала  Астана .

Астана – Отанымыздың елордасы.

Президент Н.Ә. Назарбаевтің ұсынысымен 1997 жылы ортасынан Есіл өзені өтеді. Астана тез өсіп, дамып келеді. Ол еліміздің мақтанышы.                         «Астана - Бәйтерек» кешені – Астананың символы.

Бәйтеректің ең жоғарғы қабатына шығып қарасаң, жас әрі жаңа Астананың керемет көркін тамашалайсың. «Мұхитарал», «Ханшатыр», Ақорда – Президент резиденциясы, «Астана Опера» опера және балет театерін осы Астана қаласынан тамашалай аласың.

Қане балалар! Елордамыз Аста туралы қандай тақпақтар білесіздер?

Аяулым            Ару Қалам, Астанам,

Бой көтерген жас қалам.

Бәйтеректің биік шыңы,

Ерекше ғой басқадан.

 

Асқар               Астанама қарашы,

Елімнің жас қаласы

Неткен ұлы, неткен кең,

Қазағымның даласы.

Тәрбиеші: Қане балалар бір дыбыс естлетін сияқты. Осы кезде есікті тоқылдатады ішке Айару мен Ермахан сандықты көтеріп кіреді. Балалар сендерге Елордамыз Астанадан әдемі сыйлықтар әкеліпті. Қане балалар сандықтың ішінде қандай сыйлық бар екенін корейік. Елбасымыз балалар сендерге арнап  «Менің  Отаным - Қазақстан» кітабын сыйлыққа жібнріпті.

Тәуелсіз Қазақстан!

Арайлап тәуелсіздік таңы атты,

Кен далама көктен күн нұрын шашты.

Бейбіт өмір сүрсін деп ата – баба

Қанша еңбек маңдайдан терін төкті.

Тәуелсіз елдің бақытты ұл , қызымыз,

Әрқашанда желбіресін көк туымыз.

Қыраны көкте қалықтап еркіндікте,

Орнасын мәңгі бейбітшілік елімізде.

Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз аяқталды.

Құрметті ата – аналар! Ұстаздар! Бүгінгі 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арнап өткізілген Менің Отаным – Қазақстан атты мерекелік ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Назар аударып тамашалағандарыңызға көп рахмет! Қазақстанның көк байрағы көкімізде желбірей берсін! Кішкентай сәбилеріміз бақытты өмір сүрсін!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.