Математикалық сайыс. Ұйымшылдыққа, жауапкершілікке

Математика пәнінің мұғалімі Матей Рахима

Математикалық сайыс

 

Мақсаты:   Оқушылар математикалық қабілетін дамыту  және  ойлау,   білімін тереңдету сонымен бірге  есептеу дағдыларын қалыптастыру мақсаты қойылған  . Оқушылардың ауызша,  жазбаша есептеу дағдыларын ойын арқылы   жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру   ойлау қабілеттерін  дамыту

Ұйымшылдыққа,  жауапкершілікке,  байқампаздыққа,  еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

 

Математикалық сайыстың жоспары:

  1. Таныстыру (топпен)
  2. Өз топтарының газеттерін қорғау.
  3. Сайысты жүргізуші .
  4. Сұрақ - жауап.
  5. Көрермендерге сұрақ.
  6. Әр топқа жеке тапсырма  /топтар арасында/
  7. Ребус шешу /үй тапсырма/
  8. Жұмбақ - жаңылтпаштар
  9. Қорытындылау

 

Құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгін сендер   математиканың  қызықты да күрделі болып келетін жұмбақты, әрі қызықты тартымды әлімімен танысасыңдар. Математика  әлемінің  өте  қызықты, сонымен қоса сан түрлі екендігіне  көз жеткізе отырып сайысымызды бастауға ұрықсат етіңіздер.

Бұл  сайыстың ерекшелігі   топтар арасындағы   жарыстың  тартымды бастала басталуында. Сайысты өткізе отырып  сендерге көптеген қызықты сұрақтар  мен  тапсырмаларға  жауаптар  алатын боламыз . Сайыстың аты сайыс, жеңуге деген ынтамен   барлығымыз белсенділік танытып,  берілген тапсырмалар мен есептерге  басқалардан бұрын тезірек ойланып, жылдам жауап  берулері   керек   және де  тапсырмаларды  дұрыс орындауларың керек. Әрбір  дұрыс жауап үшін әр топ өз ұпай сандарын толтыратын болады .

І. Сәлем сөз анасы.

 

 Аксиома  тобы

 

Шақыр  жарыстарды сан – саладан,

Аксиома  тобы жар салады !

Ұран қып  достық пенен татулықты

Теорема  тобын  қарсы аламыз !

 

Теорема биіктерде де қалықтасын

Жеңістің  көк туы шарықтасын.

Жеңіс туы  желбіреп  биіктерге

Бәйгені ешкім  сенен  алалмасын.

 

Әділ қазыларға сәлем

 

Әділқазы баршаңызға  бір сәлем

Әділдікке  иеді бас  күллі  әлем

Сайыстардан  жүйрік озар жүйріктен

Әділдікпен с арапқа сал,  шеше біл

 

Теорема тобы

 

Алғыр  достар кез – келер осындайда

Жарыстарда  не жетеді женгенге

Қарсылас қапы қалма жарысқанда

Тілейміз сәттілік  сендерге біз

 

Зор алғыс  ақыл , ой – саналы,

Достарың сәлем беріп,  ән салады.

Сайыста  қарсыластар достарына

Әрқашан алда бол деп жар салады

 

ІІ. Өз топтарының газеттерін  қорғау.

 

 

  Жүргізуші сөзі.

 

Әділ қазыларға сәлем

 

 

Достықпенен бірлікті етіп ұран,

Жетіп ек  Жеңіске   талай сында.

Қақ жарған қара қылды   әділқазым,

Еңбегін сайыскерлердің  әділ сына.

 

 

 

Келесі   топтар бір – біріне сұрақ қойады.

 

ІV. Сұрақ  . /топ арасында/

  1. Геометриядан жаңалық ашып, Зевс құдайына  жүз өгіз сойып құрбан еткен  математик кім ?              /Пифагор/.

 

  1. Геометрияны білмейтіндер Академияға кірмей – ақ қойсын деген кімнің сөзі? /Платон/.

 

«Теорема»

  1. Арифметикалық математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы кімнің сөзі? /Постников/.

 

  1. Мен математикаға қабілетсіз адам болады дегенге сенбеймін кімнің сөзі?. /Постников/.

 

  1. Көрермендерге   сұрақ.

 

  1. Егер бір түйенің бағасы 10 теңге және бір қойдың бағасы 3 теңге, ал бір тауықтың бағасы 50 тиын болса.  Онда   100 теңгеге түйе,  қой  және  тауықты араластырып 100 данасын   алуға бола ма?

Қалай?  Қанша бас түйе,  қанша бас қой және қанша бас тауық аласыз?

  1. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер үстелдің бір бұрышын кесіп тастаса, онда үстелде неше бұрыш қалады?

 

 

 

  1. Астанадан Алматыға қарай бет алған ұшақ екі қаланың арасынан 1,5 сағатта ұшып өтеді. Ал дәл осы бағытта кері ұшқанда небары 90 минут қана ұшты . Неге?

 

4.Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұреді,  тағы да  төрт  емен және үш  шырша отырғызылды.

Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар?  (20)

 

 

  1. Тапсырма .     / топтар  арасында /

 

Аксиома тобы.

 

  1. Теңдіктегі  сандардың  арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қойыңдар

 

4 4 4 4 4 4 4 4 = 500    (444+44+4+4+4 = 500)

 

  1. Берілген 1888 санын екі бөлікке бөліңіз. Оның әр бөлігінде 1000 саны болатын болсын.

 

/1888 санын дәл ортасын сызықпен бөлу керек/.

 

Теорема  тобы.

 

  1. Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына тура теңдік орындалатындай етіп, арифметикалық амалдарды  қой?

 

333333 = 1000    (333*3+3/3 = 1000)

 

  1. Саматтың жеті ұлы бар, оның әрбір ұлының бір-бір қарындасы бар, Саматтың неше баласы бар? / сегіз баласы бар /.

 

VII.  1.Көрермендерге сұрақ сұрақ.

 

  1. Бұрышты өлшейтін құрал.  (транспортир)
  2. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар.  (6*6-6)
  3. Барлық санға қалдықсыз бөлінеді.  (0)
  4. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)
  5. Дәлелдеуді қажет етпейтін ұйғарым. (аксиома)
  6. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)
  7. Ұзындық өлшем бірлігі (метр)
  8. Аты шулы айқас сызық, ө зі толған мағына қызық. (координаталар осі)
  9. 225 саны нешенің квадраты? (15)
  10. Қиылыспайтын 2 түзу. (параллель)
  11. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)
  12. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

 

2:    Ойлы болсаң озып көр

Әр команда математикаға қатысты үш ребустан дайындап әкелуі тиіс.Осы ребустарды бір-біріне шешкізеді.

 

  8: Жұмбақ

  1. Бір – бірімен жарысқан

Төрт  аю, бір арыстан

Екі қой мен бір түлкі

Бәрі нешеу кім білді    / сегіз /

 

  1.  104 түйме мен  11 ине         / есеп шот /

 

  1. Шекер  жейтін  ақ  құтан

Бір   қазыққа  байланды

Аузына    тістеп  шекерін

Оң  қазықты   айналды.      / циркуль /.

 

 

  1. Үш ұлы   әке сөзін жықпайды екен,

Ақылды   бір  тік мінез ұқпайды екен.

Қақ  жарған қара қылды екі  ұлы

Әкенің  уысынан шықпайды екен.                / медиана,  биіктік /

 

2,  Жоқ.өзінде баста, қаста, мойында.

Ұзындығы жазулы тұр бойында.                  / сызғыш /

 

 

  1. Қорытынды.

 

Сөз кезегі әділ қазыларда /олар ұпайды анықтап болғанша көрермендер арасында сандар туралы ән, мақал –мәтелдерден жарыстар ұйымдастырылады/

Әділ қазылар  жарысты қорытындылап,

жеңімпаздарды анықтап, оларды марапаттайды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.