«Кітаптар еліне саяхат» таңдау курсы 4 сыныптарға арналған - Renal -образовательный портал

«Кітаптар еліне саяхат» таңдау курсы 4 сыныптарға арналған

Бағдарлама   аптасына 1 сағаттан , 34 сағатқа құрастырылған.

Берілген курс  бағдарламасы  бастауыш мектептің  3 сыныптарына арналған.

Берілген курстың маңыздылығы: бастауыш сыныптарда білім негіздерін меңгеру үшін баланы оқуға үйретпей нәтижеге жету мүмкін емес.  Оқуға үйрету - бастауыш мектептің басты мақсаты. Егер бала оқуды сүйіп, кітаппен достасса  ғана,  ол білім алудың барлық кезеңдерінде мектеп  бағдарламасын меңгеруде жақсы нәтижелерге жете алады. Компьютерлік техниканың дамып тұрған уақытында баланың оқуға деген қызығушылығын тудыру, дұрыс ойлап, өз ойын жеткізе білу  қазіргі кезеңнің қиын мәселесі болып тұрғанын білеміз.  Оқи білу – дегеніміз  бұл тілдің, сөздің мағынасын түсініп, оның  сұлулығын сезіну  дегенді білдіреді. Балаларға оқи білмеу, оларды өмірдің  көптеген қызығынан айыратындығын түсінуіне  ықпал ету қажет.

Берілген бағдарламаның  педагогикалық  мақсаттылығы :  баланың оқырмандық кеңестігін кеңейту, әр баланың жеке басының ерекшеліктерін іске асыру және дамыту, оқушы-оқырманды тәрбиелеу. Таңдау курсының сабақтары баланың  эмоционалдық, шығармашылық, әдебиеттік, интеллектуалдық дамуын жүзеге асыруға, адамгершілік-эстетикалық  тәрбие мәселелерін шешуге көмектеседі, себебі  оқу бала үшін- бұл  еңбек, шығармашылық, ,жаңа белестер мен өзін –өзі тәрбиелеу.

Курстың мақсаты: балаларды оқуға  тарту.

Курстың міндеттері:  

  • оқудың берік дағдыларын меңгерген, белсенді оқырманды қалыптастыру;
  • оқуға қызығушылықтарын арттыру;
  • жанры, мазмұны мен тақырыптары әртүрлі кітаптарды оқи отырып, балалардың дүниетанымын кеңейту;
  • оқулықтармен, әдеби және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жасауға үйрету;
  • баланың адамгершілік-эстетикалық тәжірибесін жетілдіру

 

Берілген бағдарламада  практикалық бағытта жұмыс жасау сағаттары көп қарастырылған

Жұмыс  формалары: әдебиеттік ойындар, кітапханалық сабақтар, экскурсиялар, әңгімелер, кітап беттеріне саяхат, кездесулер, жобалар, спектакль-сабақтар, мәнелеп оқу сайыстары.

Әр сабақ баланың  оқырмандық дағдыларын қалыптастыруға ,дүниетанымын  кеңейтуге  арналған жұмыстарды кіріктіреді. Оқушылар кітапхана жұмысымен,  кітаптың түрлерімен танысады,анықтамалықтар мен сөздіктерден, энциклопедиядан тиісті ақпаратты табуға үйренеді.

Қолданатын әдіс- тәсілдер: баяндау, түсіндіру, сараптау, мәнерлеп оқу, шығармаларды сахналау.

Сонымен қатар қызметтің ойын, шығармашылық, зерттеушілік, жобалау әдістері де қолданылады.

 

Сөйлеу мен  оқырмандық қызмет  түрлері

Тыңдау. Фольклорлық және әдеби шығармаларды тыңдай білу  және түсіну . «Ұнайды-ұнамайды» сөздерін дәлелдей білу. Кейіпкерлердің эмоционалдық көңіл күйі туралы қарапайым бағалай білу ( көңілді, ренжулі, таң қалды және т.б), кейіпкерлердің әрекеттерін салыстыру. Әртүрлі шығармалардың жанрларын анықтай білу ( өлең, әңгіме, ертегі).

            Оқу. Әр баланың жеке басының мүмкіндігіне  қарай буындап, толық сөзбен  қалыпты дауыстап оқу. Тыныс белгілеріне сәйкес, интонациямен мәнерлеп оқу. Шағын өлеңдерді жаттау.

Мәтінмен жұмыс. Мәтінді сөйлемдер жинтығынан айыра білу. Мұғалімнің жетекшілігімен абзацты, мазмұнына қарай бөлімдерді анықтай білу. Мәтіннің құрылымын білу және оқиғаның барысын көре білу.  Мәтінге ат қоя білу.

Оқу шеңбері.  Халық ауыз әдебиетінің шығармалары: ертегілер, әндер,  өтірік өлеңдер, аңыздар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер. Балалар ақындарының  әртүрлі тақырыптар мен жанрдағы өлеңдері, мысалдары.

Тақырып   үлгілері:  фольклорлық және авторлық Отан туралы, балалар туралы, адам және оның басқаларға, жануарларға, табиғатқа деген көз қарасы туралы, достық, мейірімділік пен зұлымдық туралы шығармалар.

Жанрлар : ертегілер ( халық және авторлық), әңгімелер, өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал мәтелдер, санамақтар.

 

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары:   Ұжыммен ертегі, жұмбақ  шығару.Әдеби шығармаларды ойнау, рольдерге бөліп оқу, театрлық көріністерге қатысу. Кейіпкерлер туралы жұмбақ құрастыру. Кейіпкердің атынан ертегі, әңгімелер айту.

Оқу: ақпаратпен жұмыс

Кітаптың сыртқы  түрімен иллюстрациясы бойынша ақпарат іздеу.

 

    Пәнаралық байланыс:

  • Қазақ тілі пәнімен: оқыған шығармадан үзінділер жазып алу;
  • Бейнелеу өнері пәнімен: шағын шығармалар мен эпизодтарға сәйкес суреттер салу, бір кітапқа әртүрлі  суретшілер салған суреттерді салыстыру.
  • Еңбекке баулу пәнімен: шағын кітаптар дайындау, шығармашылық жұмыстар.

 

 Күтілетін нәтиже:

  Пәндік дағдылары:

  • Оқудың тұлғалық дамуына маңыздылығын түсіну;
  • Жүйелі түрде оқу қажеттілігін қалыптастыру;
  • Оқудың әртүрлі тәсілдерін қолдану ( танысу, талдау, терме, ізденушілік)
  • Өзін қызықтыратын әдебиетті таңдау;
  • Қажетті ақпаратты табу және түсіну үшін анықтамалық материалмен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.

   Реттеуші дағдылары:

  • Жаңа шығармамен өзбетінше жұмыс жасау;
  • Жұппен, топпен жұмыс жасау, жобалау қызметіне қатысу;
  • Ортақ жұмыста өз орнын анықтай білу және өз жұмысын бағалай білу.

   Танымдық оқу дағдылары:

  • Кітаптың аппартындағы ақпаратты пайдалана отырып, кітапты оқығанға дейін оның мазмұнын болжау;
  • Кітаптарды жанрына, тақырыбына, авторына қарай таңдай білу;
  • Оқыған кітаптары бойынша шағын аннотация құрастыра білу, сөздіктерді , анықтамалықтарды , энциклопедияларды қолдана білу.

Коммуникативтік оқу дағдылары:

  • Оқыған кітап бойынша әңгімеге қатысу, өз көзқарасын айту және оны дәлелдей білу;
  • Кейіпкерлердің іс-әрекетін моральдық жағынан бағалай білу,  өзінің этикалық  ұстамын қалыптастыру;
  • Кітаптың құрылым мен безендіруі бойынша өз ойын айту;
  • Мектепте, үйде, кітапханада және т.б жерлерде өзін дұрыс ұстау ережесін сақтай білу.

 

«Кітаптар еліне саяхат» таңдау курсының білім мазмұны:

Курс бағдарламасы 11 бөліктен тұрады .

1.Кітап тарихы. Кітапханалар. (4 сағат)

Кітаптың адам өміріндегі маңызы. Алғашқы кітаптар. Оқу кітаптары. Оқу кітаптарының элементтері. ( мұқабасы, титульдық беті, мазмұны) кітаптарды тақырыбы мен жанрына қарай классификациялау.( топпен жұмыс). Әдебие кітаптар. Кітаптың иллюстрациясы және олардың ролі

Үй кітапханасы, сынып кітапханасы, мектеп кітапханасы. Кітапханадағы тәртіп ережелері.

Кітапханадағы қызмет көрсету жүйесі: кітапханаға жазылу, абономент және оқу залы. Оқырман мәдениеті. Кітапханалық каталогтар және олармен қолдану тәртібі. Кітап таңдау және онымен оқу залында жұмыс жасау. Кітап туралы пікір

Кітап және оқу туралы мақал- мәтелдер. Қолжазба кітабын құрастыру.

Викторина «Кітап туралы сіз не білесің?»  Ойын «Мен-кітапханашымын.»

.

2.Ертегілер елі. Халық және әдеби ертегілер (3 сағат)

Қиял-ғажайып ертегілер .

Ертегілер мен жұмбақтарды салыстыру. Кітаптарды қарау және салыстыру. «Ғажайып заттар» сөзжұмбақ құрастыру.

3.Жинақ кітаптар. Мысалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар  (3 сағат)

Қазақ ақындарының мысалдары.   Мысалдар жинағының аппараты: титульдық бет, аннотация, мазмұны.

Мәнерлеп оқу сайысы, жұмбақтар шешу.

Топпен мысалдарды көріністеу.

 

4.Туған жер табиғаты туралы кітаптар (3 сағат)

Туған жер табиғаты туралы өлеңдер жинағы. Өлеңдерді тыңдау,  ой-пікірмен бөлісу.

Туған жер табиғатын суреттеген ақындар. «Табиғат  туралы тамаша өлеңдер» жобасы.  Қолдан кітап құрастыру.

Проект «Краски и звуки стихов о природе». Рукописная книга.

 

5.Ыбырай Алтынсариннің балаларға арнаған шығармалары.  (3 сағат)

Ы. Алтынсариннің  шығармалыр жинағы: каталогпен жұмыс, көрме ұйымдастыру.

Ы. Алтынсариннің шығармаларының жанрлары бойынша кесте құрастыру( топпен жұмыс)

Жобалық жұмыс топтар бойынша «Ы. Алтынсариннің »

  1. Жануарлар туралы шығармалар (4 сағат)

Жануарлар туралы жинақ кітаптар. Жинақ кітаптың  құрылымы: титульдық бет, аннотация, иллюстрация, кітаптың атауы, кітаптың түрі.

Оқу залы: жануарлар туралы кітаптармен жұмыс. Оқыған кітап бойынша пікір.

Кітапханалық сабақ: А. Брем «Жануарлар өмірі»  энциклопедиялық кітаппен танысу. Жануарлар туралы кітаптардың суретішілері.

Жануарлар туралы кітапша құрастыру.

  1. Балалар – кітап қаһармандары 3 сағ

Балаларға арналған кітаптар (Л. Пантелеева, А. Гайдар, В. Драгунский)

Шығармашылық кітап А. Гайдар «Тимур және оның командасы», кітап жинақ әңгімелері Л Пантелеева «Шындық сөз»  . Әдеби ойын «Менің құрбыларым кімдер- кітап қаһармандары»

Кітапты оқығаннан кейін оны талқылау.(әңгіме, пікірталас, дискуссия)

8.Шетел жазушыларының кітаптары  (2 сағ)

Шетелдің кітаптары (Ц. Топелиус, Дж. Лондон, Э. Сетон Томпсон)  кітаптары.

Мәмле каталогы: практикалық жұмыс. Балаларға арналған шетел кітаптарының тізімі.

Кітапханалық анықтама: шетелдің жазушылары туралы анықтама (топпен жұмыс). Кітаптың аудармашысы.

9.Ұлы Отан Соғысы (3 сағ)

Л. Воронковой «Қаланың қызы» .Оқу, мазмұнын талқылау.Басқа бөлімдерін тыңдау.  Аппарат книги, иллюстрации и оформление.

Аннотация. Оқу залы.

В. Железникова «Әскери қыз».

Шығармашылық жұмыс «Соғыстың балалары бірге»: кездесу, материал жинақтау, безендіру «Ескерткіш кітабы».

10.Балаларға арналған газет журналдар (3 сағ)

Периодика деген не? Балаларға арналған газет журналдар. Газет және журналдардың мұқабасы. Газет, журналдардың баспасы. Балаларға арналған журналдардың тарихы. «Мурзилка» «Костёр», «Бес бұрыш», ; балалар газеты  «Жасыл алма»,

Сынып газеты  журналы (группамен жұмыс)

11.«Кітап, кітап, кітап…» (2 сағ)

Кітаптар және олардың түрлері . Кітапханада практикалық жұмыс Практическая работа в библиотеке. Әдеби анықтамасы.Балаларға арналған энциклопедия.

 

 

 

Календарлық – тақырыптық жоспар. 4 сынып

 

Тақырып Сағат саны
  1.Кітап тарихы. Кітапханалар. (4 сағат)  
1 Алғашқы кітаптар. 1
2  Кітапті қалай құрастырады.  Кітаптың иллюстрациясы . 1
3 Кітап және кітапхана туралы қызықты деректер 1
4 Кітап және оқу туралы мақал- мәтелдер. Қолжазба кітабын құрастыру.

 

1
  2.Ертегілер елі. Халық және әдеби ертегілер (3 сағат  
5 Ертегілер не деген ғаламат! Қиял-ғажайып ертегілер 1
6 Ертегілер мен жұмбақтарды салыстыру.Жеті өнерпаз 1
7 «Ғажайып заттар» сөзжұмбақ құрастыру.  Қарт  пен тапқыр жігіт 1
  Жинақ кітаптар. Мысалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар  (3 сағат) 1
8  Мысалдар. Абайдың Крыловтан аударған мысалдары 1
9 Қазақтың халық жұмбақтары 1
10 Жаңылтпаш жаттап жарысайық! 1
  Туған жер табиғаты туралы кітаптар (3 сағат)  
11 Жайқалсын жасыл әлем өлкесінде,сән түзеп көрік берсін жер бетіне. 1
12 Табиғат тіршілік нәрі 1
13 Табиғат досымыз 1
  Ыбырай Алтынсариннің балаларға арнаған шығармалары.  (3 сағат)

 

 
14 Мейірімді бала 1
15 Әке мен бал 1
16 Сиқырлы кітаптар 1
   Жануарлар туралы шығармалар (4 сағат)

 

 
17 Менің сүйікті жануарым 1
18 Бала қиялының бағбаны 1
19 Ұшқан ұя 1
20 Желден жүйрік жануар 1
   Балалар – кітап қаһармандары 3 сағ  
21 Франсуаза Саган, «Сәлем, мұң» 1
22 Сэй-Сенагон, «Жастық астындағы хаттар» 1
23 Балалар әдебиеті 1
  Шетел жазушыларының кітаптары  (2 сағ)  
24 Сиқырлы сарай  словен халқының ертегісі 1
25 Қорқыныштың мекені қайда? : словен халқының ертегісі

1
  Ұлы Отан Соғысы (3 сағ)  
26 Соғыс туралы жырлар 1
27 Ұлы жеңіс – ұлы жетістiкке жетелейді!!! 1
28 М. Иманжанов «Сырдария» 1
  Балаларға арналған газет журналдар (3 сағ)  
29 Жасыл алма 1
30 Балдаурен 1
31 Балдырған 1
  Кітап, кітап, кітап…» (2 сағ)  
32 Кітаптың түрлері. Ізденушілік жұмыс 1
33 100 жауап ойыны . Сұрақтарға дайындық кітапша жасау. 1
34 Викторина 1

  

Қолданылған әдебиеттер:

1.Светофор. Бағдаршам. –Алматы: Алматы кітап, 2008 жыл

2.Байғабылова, А. Қоршаған орта/А. Байғабылова - Алматы: Аруна, 2007 жыл

Бауырлар-Алматы: Аруна, 2007 жыл

4.Біз өсіп ойнаймыз - Алматы

5.Елубаев, Е. Өрт сөндіргіш / Е. Елубаев. -Алматы: Аруна, 2008

6.Елубаев Ескен.  Балаларға базарлық: Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар. – Алматы: "Алматы кітап", 2007 жыл

7.Алдар көсе:  Ертегі – Алматы: “Алматыкітап” ЖШС, 2007 жыл
8.Қазақ ертегілері – Алматы: “Балауса баспасы”. 2003 жыл
9.Қазақ ертегілері – Құрастырған: А. Сәулебаева. Суретші: Г. Ф. Алматова – Шымкент. ПТ “Шикула и К0”. 2003 жыл

комментариев

  • Айсулу прокомментировал ответил

    Өте маңызды бағдарлама

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.