Денсаулық күні сценарий

Көңілді старттар - Денсаулық күні сценарий

Өткізілетін шара түрі: спорт сайысы

Өткізілітен уақыты: қараша 2015 жыл

Өткізілетін орны:  Спорт залы

Қатысатын мүшелер:  балалар, топ тәрбиешілері, ән-күй мұғалімі, дене – тәрбиешісі.

Құрал жабдықтар:  арқан жіңішке – 3 дана, прищепка-30 дана, қалта шыты -30 дана, разнос – 3 дана, кегля – 3дана, доп(орташа көлемді) -3  дана, (кіші көлемді) – 3  дана, сыпыртқы – 3 дана, газет- 3 дана.

Алдан-ала өткізілетін жұмыс түрі: кеңес, жеке әңгіме жүргізу, суреттер спорт жайлы.

Мақсаты:Дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.  Бос уақыттарын жаттығу түрлеріне арнауға үйрету. Ұжыммен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру
  • Денсаулықта сақтаудағы, дене тәрбиесінің алатын орынын түсіндіру
  • Балалардың дене-тәрбиесіндегі алған білімдерін бекіту

 

Жүргізуші:

Спорт алаңына балалар

Шақырамын сендерді

Денің сау шымыр болсаң

Қыздырайық денені

Орнымызда тұрмайық

Мерекені бастайық

Қайырлы күн балалар, қонақтар! Бүгін біз «Денсаулық күніне» арналған спорт сайысын өткіземіз.

 

Әділ-қазылармен таныстыру:

Төрде отырған жюри

Бізге берсін әділ баға

Озғыр,өжет көңілмен

Жетеміз біз жеңіске

Біздің бүгінгі жарыста  ең шапшаң,жүйрік,өткір ойлы балалар ғана қатысады. Ал қазір біз алдымызда сайысқы түсетін командалармен танысайық.

Командалар өздерін таныстырады:

Our group: Swallow  (Біздің топ: Қарлығаш)

Our slogan: Listen us! Believe in us! Connect us! (Біздің ұран: Тыңдаңыздар бізді! Сеніңіздер бізге! Бізбен бірге болыңыздар!

Жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын бір сергіп, көңілімізді көтеріп, бойымызды жазып алайық. (Разминка)

Алдарыңда көп тапсырма

Қиындықтан қорықпа

Күштеріңе сенеміз

Салыстырып көреміз

 

1 ЭСТАФЕТА: Жуылған кірді ілу

Шарты: Балалар кезекпен, кегляға жетіп жіпке шытты прищепкамен қыстырады. Қай команда бірінші болып іліп бітіреді солар жеңіске жеңеді.

 

2 ЭСТАФЕТА: Үй тазала

Шарты:  Газеттен жасалған доптарды сыпыртқымен кегляға дейін сыпырып, қайтып келу.

 

3 ЭСТАФЕТА: Қасықпен доп тасу

Шарты: Ағаш қасыққа кіші көлемді доп салынады, сол допты кеглядан айланып жылдам келесі балаға тапсыру.

 

4 ЭСТАФЕТА: Дүкенге бару

Азықты да аламыз

Сатушыға барамыз

Шынықсақ жақсы біз

Күшті, жылпас боламыз.

Шарты:  Балалар себетпен мәреге барып дүкеннен бір азық алып, себетті келесі балаға тапсырады.

 

5 ЭСТАФЕТА: Аспазшы

Шарты: Қатысушылар подноспен допты тасып мәреге барады да

, қайта айланып келіп келесі балаға подносты тапсырады.

 

Жүргізуші:

Спорт бізбен,

Біз - спортпен доспыз!

* * * *

Жюри қатал болса да

Әділ баға береді ғой

Шыныменен  барлығы

Жарайсыңдар - деді ғой!

 

Соңында: жеңген команданы құттықтау.

Жүргізуші: Міне осымен біздің «Денсаулық күніне» арналған сайысымыз аяқталды!

( Балалар маршпен адымдап,қол шапалақтап залдан шығады.)

Күтілетін нәтиже: Балаларды дене-тәрбиесіне баули білу. Балалардаң шапаң қимылдауын, өткір ойлау дағдыларын арттыру. Балалардың көңіл күйін көтеру, достыққы, мейірімділікке тәрбиелеу. Бала өмірінде қимыл қозғалыс өте маңызды. Баланың бұл өмірде қандай да жетістікке жетуі бұл дене – тәрбиесінің алғышарты. Осы сайыс командаларға үнады деп сенемін. Бұл өткізілген шара мен үшін үлкен тәжірбиелердің біріне жатады. Бәріне сәттілік тілеймін!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.