Ашық сабақ. Тақырып: Сезім мүшелері

Шымкент аграрлық колледжі. "Зооветеринария" бөлімінің оқытушысы А.Байтханованың ашық сабағының презентациясы. Тақырыбы: Сезім мүшелері. Сабақтың мақсаты: Жануарлардың сезім мүшелерінің құрылысын оқушыларға үйрету. Анализаторладың бір-бірімен байланысын, құрылысын, орналасу жағдайын оқушыларға таныстырып өту. Оқушылардың білімдерін арттырып, қызығушылығын ояту. Әрбір істі ұқыптылықпен орындайтын саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ең алдымен сабақта жалпы ұйымдастыру шаралары өтті. Ашық сабақта оқушыларға алдыңғы берілген үй тапсырмасын ойын арқылы сұрау жүргізілді. Ұйымдастыру мен үй тапсырмасын сұрауға жалпы уақыттан 20 минут уақыт кетті. Жаңа сабақты түсіндіруге 45 минут уақыт кетті. Жаңа тақырыпты бекіту кезінде "куббизм" ойыны және тест сұрақтары жүргізілді. Бекітуге 20 минут уақыт кетті. Сабақты қорытындылап, баға қою 5 минут уақыт алды


Ашық сабақ. Тақырып: Сезім мүшелері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.