«Абайдың қара сөздері» ғылыми жұмыс

Тақырыбым: Абайдың қара сөздері. Мақсатым: Абай Құнанбаевтың «38-ші қара сөзі» арқылы қазіргі заман балаларын имандылыққа, ғылым-білімге, мейірімділікке, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.
Зерттеу жобасының міндеті:
 Абайдың «38 қара сөзі» арқылы сыпайгершілікке ;
 Адамгершілік қасиеттерге;
 Әділдікке, әдептілікке;
 Шыдамдылық пен төзімділікке үйрету.
Зерттеу жобасының гипотезасы: Абай сөзінің негізін адамгершілікке тірейді. Барлық өсиет ой-толғау еңбектерінің қорытындысы тағы да адамгершілік тәрбие екенін танытады.Адамды қор қылатын ең залалды жаманшылықтарды санап өтеді. Оларды үш нәрсе: надандық, еріншектік, залымдық- деп атайды.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Абай қарасөздерді көбінесе барлық жайлардан өзі сөз бастап, өзі әңгіме дүкен құрып отырған болады. Осыдан соңғы қарасөздер жөнінде айқын байқалатын бір өзгешелік, Абай өзінің өлең сөздерінің көптен-көбін заманындағы оқушы мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көреді. Осы жайды ескеріп, Абай енді қарасөзінде сол өлеңдерінде айтылатын ойларының бірталайын жаңа сөзбен таратады. Сол әңгіменің үстінде адамгершілік мәселелерінен: әділет, ақтық, турашылдық, шындықты сүйгіштік, ғылымға құмарлық, еңбекті бағалағыштық сияқты жайларды айтады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.